Интернет арқылы төлеу
  • "e-kzt" туралы жалпы мәлімет
    "e-kzt" электронды ақша жүйесі аптасына 7 рет тәулік бойы Интернет желісінде тауралар және қызметтерді сатып алу/сатуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының электронды төлем жүйесін ұсынады. Комиссиясыз төлем жасау, қазіргі кезде Cіз қолданатын ыңғайсыз және қымбат төлем әдістерді ұмытуға алып келеді.
  • «Электронды әмиян » және қалай оның иесі болуға болады?
    Электронды әмиян иесі болғысы келетіндер on-line тіркеу барысынан өту қажет, содан кейін өзінің электронды әмиянын кез келген қол жетімді тәсілмен толтыру тиіс, VISA/MasterCard төлем карточкаларын қоса алғанда. Толтыру сомасы кез-келгені болуы мүмкін, пайдаланушының әмиянындағы ең жоғарғы соманы есепке ала отырып, 200 АЕК аспауы тиіс немесе мысалы 481 000 теңге.
  • Электронды ақшаны қалай пайдалануға болады?
    Ұялы байланыс, теледидар, коммуналдық қызмет және көптеген басқа қызметтерге төлемдерді, Сізідң "e-kzt" жеке кабинеттегі Тауарлар және Қызметтер бөліміне өтіп қызмет провайдерін таңдап, шот/ телефон/ шарт нөмірін көрсетіп және төлем сомасын көрсетіп төлемді жүргізуге болады. Төлем нақты уақыт тәртібінде жүргізіледі.
  • Интернет-дүкенде, сатып алатын тауарлар/қызметтерді кәрзеңкеге қалыптастыра отырып, пайдаланушы төлем бетіне кіреді, "e-kzt" төлемі арасында төлемнің әртүрлі тәсілдері ұсынылады. Көрсетілген сілтемеден өте отырып, өзінің тек электронды әмиянын көрсету және сатып алуды растау қажет. Жеке кабинетте балансты тексеріп, төлем тізімін қарауға болады.
  • Төлемнің максималды сомасы 100 АЕК-тен немесе 240 500 теңгеден аспауға тиіс, бірақ 500 АЕК-ге дейін шектеуліктерді жоғарылату үшін жеңіл сәйкестендіру рәсімдерін e –kzt  серіктес-банктің кез-келген бөлімшесінде жеке куәлікті ұсыну арқылы жүзеге асыруға болады.